AA+
AA+

  1 желтоқсаннан бастап қылқан жапырақты жас талдарды қорғау күшейтіледі.  Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас талдарды заңсыз кесу қаупі жоғарылайтындықтан, 1 желтоқсаннан бастап ұлттық парк аумағында бақылау жұмыстары күшейтіледі. Осы кезеңнен бастап инспекторлар тәулік бойы кезекшілікке шығады, негізгі жолдарда қадағалау бекеттері қойылады. Ескерту: қылқан жапырақты ағашты заңсыз кескен жағдайда 1 түп үшін 58 980 теңге (15 АЕК) көлемінде өтемақы өндіріледі. Табиғатты бірге қорғайық