AA+
AA+

 Жаңа жыл қарсаңында: қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау жалғасуда!

 Жаңа жыл жақындаған сайын Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау шаралары дәстүрлі түрде күшейтіледі. Бұл кезеңде мерекелік мақсатта шыршаларды заңсыз кесу қаупі арта түседі.

Инспекторлар табиғатты қорғау органдарымен бірлесе отырып, тұрақты рейдтер жүргізіп, маңызды аймақтарды патрульдейді және халықпен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

 

 Ескертеміз: ағаштарды заңсыз кесу табиғатқа зиян тигізіп қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де әкеледі.