AA+
AA+

Катонқарағай ұлттық паркінде кәсіподақ ұйымының есеп беру конференциясы өтті.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Катонқарағай ұлттық паркінің бастауыш кәсіподағы ұйымының есеп беру конференциясы өтті. Бастауыш кәсіподағы ұйымының төрағасының 2025 жылға есебі тыңдалды. Құрылымдық бөлімдерден сайланған делегаттармен бірге жиынға Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Серік Жакитов, аудан газетінің редакторы Тимур Смагулов, ардагерлер мен ақсақалдар төрағалары Жәнібек Қызыр және Төленді Мерғазин қатысты.

Бас директор Жанболат Батталұлы Тыныбеков өз сөзінде ұлттық парк қызметі табиғатты қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау, экологиялық ағарту және экологиялық туризмді дамыту бойынша жүргізілгенін жұмыстарын атап өтті. Ол қызметкерлердің еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдау тұрақты түрде қамтамасыз етілгенін, ұжымның бірлескен еңбегінің нақты нәтижелерге жеткізгенін айтты.

Cондай-ақ комплаенс қызметінің есебі тыңдалды, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару және барлық қызметкерлердің заңдылыққа сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілді.

Бас директор қатысушыларға табиғатты қорғау – ортақ міндет екенін еске салып, ұжымдық бірлікті сақтап, кәсіподақпен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды.