Құрметті Ерен Қадошұлы! Сізді 75 жасқа толған мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір жолыңыз – жас ұрпаққа үлгі. Орман шаруашылығы саласындағы қажырлы еңбегіңіз, табиғатты аялаудағы атқарған игі істеріңіз, туған жердің өркендеуіне қосқан үлесіңіз халық жадында мәңгі сақталады. Сіздің адал қызметіңіз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында көптеген жас мамандар тәрбиеленіп, ауданымыздың табиғат байлығын сақтап қалуға зор үлес қосылды. Жасаған еңбегіңіз үшін Сізге шексіз алғыс білдіреміз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Мерейлі жасыңыз құтты болып, әулетіңізде қуаныш пен береке орнасын!
Ізгі тілекпен, Катонқарағай ұлттық паркі.