AA+
AA+

    Аршаты орманшылығы аумағында жабайы жануарларды қысқы кезеңде қосымша азықтандыру жұмыстары тұрақты бақылауда жүргізілуде. Орманшылық мамандары арнайы қоректендіру алаңдарын ұйымдастырып, жем-шөптің жеткілікті болуын қадағалайды. Орнатылған фототұзақ арқылы еліктер мен қабан шошқалардың азықтану сәттері тіркелді. Бұл жұмыстар жануарлардың қыс мезгіліндегі тіршілігін бақылауға және олардың санын сақтауға мүмкіндік береді.

   Қысқы уақытта табиғи азық қоры азаятындықтан, жабайы жануарларға қолдау көрсету – табиғатты қорғау ісінің маңызды бағыты. Қосымша азықтандыру олардың қыстан аман шығуына жағдай жасап, экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді.