Медведка орманшылығының инспекторлары күнделікті патрульдік жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті обход барысында олар маралдың іздерін анықтап, сондай-ақ орман ішінен жабайы қоянды байқап қалды. Бұл – ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жабайы жануарлар тіршілігінің бір дәлелі. Осындай бақылау жұмыстары инспекторлардың аумақтың экожүйесін сақтау бағытында жүргізіп жатқан жүйелі еңбегінің маңызды бөлігі саналады.