Катонқарағай ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары күн сайын бекітілген орман айналымдарын атпен патрульдеп, табиғатты қорғау жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Патрульдеу барысында табиғат қорғау заңнамасының сақталуы қадағаланып, өрт қауіпті жағдайларға мониторинг жүргізіледі, заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау шаралары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, табиғатты қорғау қызметімен қатар аумақта фенологиялық бақылаулар жүргізіліп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіндегі маусымдық өзгерістер тұрақты түрде тіркеледі.



