AA+
AA+

      Көктем — жаңару мен жасару мезгілі. Осыған орай Катонқарағай ұлттық паркінің Орталық кеңсесінде сенбілік ұйымдастырылып, кеңсе аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мекеме қызметкерлері белсене қатысып, аула мен айналаның қоқысын жинап, құрғақ шөптер мен бұтақтарды тазалады. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар мен бұталар қырқылды. Мұндай игі шаралар қызметкерлер арасында командалық рухты нығайтып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыра түседі.

       Таза әрі көрікті орта — табиғатқа деген құрметтің айқын көрінісі. Катонқарағай ұлттық паркі ұжымы алдағы уақытта да осындай шараларды тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр.