AA+
AA+

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай, Катонқарағай ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік инспекторлардың шеберлігін шыңдау мақсатында волейбол жарысы өтті. Өз күштерін сынауға 5 филиал және орталық кеңсе командалары қатысты. Тартысты бәсекеде барлық құрама команданың ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті.
Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Шыңғыстай филиалының командасы, ІІ орынды Орталық кеңсе командасы және ІІІ орынды Алтай филиалының құрама командаларының қызметкерлері иеленді. Катонқарағай ұлттық паркінің бас директоры Жанболат Батталұлы жеңімпаздарды диплом, кубок, медальдармен марапаттады.