AA+
AA+

   Бүгін, 20 қазан күні, Ресей Федерациясының Алтай Республикасына қарасты Усть-Кокса ауылында орналасқан Катунь биосфералық қорығының базасында «Үлкен Алтай»         Қазақстан-Ресей трансшекаралық биосфералық резерваты аясындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша 11-ші бірлескен комиссия               отырысы өтті. Отырыста Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директоры Ж.Б. Тыныбеков пен Катунь биосфералық қорығының директоры А.В. Затеев 2024–         2025 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп ұсынды. Сондай-ақ Комиссия отырысына ҚР Экология және табиғи ресурстар                   министрлігінің      Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі өкілдерінің қатысуымен   2025–2026 жылдарға арналған жаңа бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланып, келісілді.