AA+
AA+

1 желтоқсаннан бастап Катонқарағай ұлттық паркінде қылқан жапырақты өскіндерді қорғау шаралары күшейтілді. Заңсыз әрекеттердің алдын алу және табиғатты сақтау мақсатында біріккен жоспар аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгін Ақсу филиалының директоры Есимханов Қ.М. Үшбұлақ шекара бөлімшесінің бастығы капитан Шайзулла Ө.Е. тәулік бойы қадағалау бекетінде тексеріс өткізді. Усть-Язова орманшылығының мемлекеттік инспекторлары шекара сарбаздарымен бірге көліктерді бақылауға алды. Заңды сақтап, табиғатты аялауға үлес қосайық!