AA+
AA+

Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары мен Аршаты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары ҚР Зоология институты мамандарымен бірлесіп, қар барысын зерттеу мақсатында далалық жұмыстар жүргізді.

Экспедиция барысында мамандар бұрын орнатылған фототұзақтарды тексеріп, жаңа фототұзақтар орнатты. Бұл құрылғылар — сирек кездесетін әрі аса сақ аңдардың тіршілігін бақылауда ең тиімді құралдардың бірі.

Тексеру кезінде бұрын орнатылған фототұзақтардың бірін қар барысы зақымдаған. Соның салдарынан құрылғы істен шығып, ішіндегі флеш-картадағы деректер сақталмай қалған.

Қар барысын зерттеу жұмыстары жалғасуда.