AA+
AA+

Орманшы Аманбаев Жомарттың хабарламасы бойынша, 12 ақпан күні Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Аршаты ормашылығының аумағында Омаров М., Божанаков Т., Кусманов А. және орманшы Аманбаев Ж. құраған топ қар барысын байқаған. Бақылау дүрбі арқылы 1,5 км шамасында жүргізілген. Сонымен қатар, ұлттық парк аумағында өте сирек кездесетін бұл сүтқоректінің мекендейтінін растайтын бірнеше фотосуреттер жасалынды.