Бүгін, 23 қазан күні, Халықаралық қар барысы күніне орай С.Ластаев атындағы орта мектепте Катонқарағай ұлттық паркінің ұйымдастыруымен «Қар барысы 2024» фестивалі өтті. Бұл бірегей шара төрт мектептің оқушыларын және Алтай, Медведка және Шыңғыстай орманшылықтарының инспекторларын жабайы табиғаттың ең ұлы кереметтерінің бірі — қар барысын сақтап қалу мақсатында біріктірді. Фестиваль мәдени бағдарлама мен әсерлі спорттық сайыстарға толы болды, онда әр қатысушы өзінің мықтылығын және табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Катонқарағай ұлттық паркінің бас директоры Жанболат Батталұлы шараны салтанатты түрде ашып, қатысушыларды Халықаралық қар барысы күнімен құттықтады. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын айтты. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: Бас жүлде — С.Ластаев атындағы орта мектебі және Алтай орманшылығының инспекторлары, 1 орын — Рыков ат.орта мектебі және Алтай орманшылығының инспекторлары, 2 орын — Жаңа-Үлгі негізгі орта мектебі және Шыңғыстай орманшылығының инспекторлары, 3 орын — О.Бөкеев атындағы Белқарағай орта мектебі және Медведка орманшылығының инспекторлары.
Фестивальді ұйымдастыруға баға жетпес көмек көрсеткен демеушілеріміз — БҰҰДБ жобасының үйлестірушісі Бибигуль Избаирға, Катонқарағай ауданының даму қорының басшысы Серік Жүнісовке, С. Ластаев атындағы орта мектебінің директоры Гүлжан Төлегенқызына үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңызбен «Қар барысы 2024» фестивалі жабайы табиғатты қорғауға арналған ұмытылмас мерекеге айналды!