Катонқарағай ұлттық паркінің ғылыми бөлімінің қызметкерлері — Рудой В.В., Болботов Г.А. және Габдуллина А.У. Шығыс Қазақстан аумағындағы қандалалардың (Heteroptera) жаңа табылымдарына арналған кезекті ғылыми мақаланы жариялады.
Зерттеу жұмысында Pentatomomorpha инфраотрядына жататын 8 тұқымдастың 27 түрінің таралуы жөнінде жаңа деректер келтірілген.
Шығыс Қазақстан фаунасы үшін алғаш рет 14 түр тіркелсе, оның 2 түрі Катонқарағай ұлттық паркі аумағында алғаш рет анықталды.
Сонымен қатар, 13 түр бойынша жаңа жиналу нүктелері көрсетілген.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан аумағындағы Pentatomomorpha (Heteroptera) инфраотрядының фаунасы 21 тұқымдасқа жататын 268 түрді құрайды.
Мақала Еуразиялық энтомологиялық журналда жарияланып, еліміздің биоалуантүрлілігіне қызығушылық танытатын кең оқырман қауымға қолжетімді.



