Усть-Язовая орманшылығының инспекторлары орман құстарын қамқорлыққа алып, олар үшін арнайы ұялар мен жемсауыттар жасап, ең қолайлы және қауіпсіз жерлерге орнатты. Бұл ұялар мен жемсауыттар құстарға қауіпсіз баспана мен қосымша қорек көзі болып табылады. Ұялар олар үшін ұя салуға және өсіп-өнуге жақсы мүмкіндік береді. Мұндай игі бастамалар орман құстарының популяциясын сақтауға, олардың табиғи жағдайларда өмір сүруін қамтамасыз етуге және жалпы экожүйенің тепе-теңдігін нығайтуға бағытталған. Құстар орманның маңызды тіршілік иелері болғандықтан, оларды қорғау және қамқорлық көрсету біздің міндетіміз. Инспекторларымыздың осындай еңбектері орман табиғатының сақталуына үлкен үлес қосады.