AA+
AA+

  Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы.

   Осы орайда, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл орта мектебінің оқушылары жасыл желекті молайтуға өз үлестерін қосты. Олар Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары және Рахман орманшылығының инспекторларының жетекшілігімен сібір шыршасының тұқымын отырғызды. 6–8 сынып оқушылары үшін бұл шара табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінуге арналған ерекше тәжірибе болды. Олар тек ағаш отырғызып қана қоймай, орман шаруашылығы мамандарынан қоршаған ортаны сақтау, экологиялық тепе-теңдікті қорғау, орманды күтіп-баптау жөнінде пайдалы ақпарат алды.

    Осындай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Өскелең ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін күшейту – болашақта табиғат байлығын сақтау кепілі. Әрбір егілген тұқым – жасыл желекке қосылған үлес қана емес, таза ауа, денсаулық және табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің кепілі. Болашақта бұл кішкентай өскіндер алып ағашқа айналып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосатынына сеніміміз мол!