Катонқарағай ұлттық паркінде жабайы жануарларды қысқы маршруттық санақ жұмыстары жүргізілуде. Санақ қар жамылғысындағы жануар іздері арқылы жүзеге асырылады.
Бұл әдіс мамандарға:
▪️ жабайы жануарлар санының шамасын анықтауға;
▪️ түрлік құрамын айқындауға;
▪️ қоныс аудару бағыттары мен мекендеу аумақтарын белгілеуге;
▪️ популяцияның жалпы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Санақ жұмыстары мемлекеттік инспекторлар тарапынан жүргізілуде. Жиналған деректер табиғатты қорғау шараларын жоспарлау мен биологиялық әртүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады.



