Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бастамасымен бүгін өңірлік өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Іс-шараға 19 команда қатысып, түрлі кезеңдер мен кедергілерден өту барысында өздерінің шапшаңдығы мен кәсіби дайындықтарын көрсетті.
Қатысушылар қатарында Катонқарағай ұлттық паркінің орманшылықтары, Зырян, Күршім, Марқакөл және Үлкен Нарын орман шаруашылықтары, Батыс Алтай және Марқакөл мемлекеттік қорықтары, сондай-ақ Ресей Федерациясының Катун биосфералық қорығы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын — Өрел орманшылығы
II орын — Алтай орманшылығы
III орын — Зырян орман шаруашылығы
Барлық қатысушыларға белсенділік пен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреміз!



