Бүгін Катонқарағай ұлттық паркінің орталық кеңсесінде бас директор Ж.Б. Тыныбековтың төрағалығымен Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде парктің биоалуантүрлілігін сақтау бойынша маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары тыңдалды. Жоғары тамырлы өсімдіктердің биоалуантүрлілігі бойынша зерттеу есебін Г.А. Болботов ұсынып, өсімдіктер дүниесін зерделеу экожүйенің жай-күйін терең түсінуге және оны қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстардың мониторингі бойынша В.М. Воробьев ұлттық парк аумағындағы құстардың ұялары мен ұя салатын учаскелерін бақылау нәтижелерімен бөлісіп, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің бастығы А.У. Габдуллина мемлекеттік инспекторларға техникалық минимум бойынша оқыту жүргізу және тестілеу қорытындылары туралы баяндады.
Кеңес соңында әртүрлі мәселелер талқыланды.



