Бүгін ұлттық паркте бас директор Жанболат Тыныбековтың төрағалығымен ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиналыс басында бас директордың орынбасары Александр Кобзев 2025 жылға арналған «Табиғат жылнамасы» бойынша баяндама жасады.
Ал алдағы туристік маусымға дайындық мәселелері бойынша ЭАжТ бөлімінің басшысы Самат Елемесов баяндады.
Қатысушылар туристік маусымға дайындық барысын талқылап, келушілерге сапалы қызмет көрсету, табиғи нысандарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Барлық бағыттар бойынша ұсыныстар айтылып, белсенді пікір алмасу өтті.



