AA+
AA+

    12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай, ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің мамандары Рыков атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын парктің ғылымның жетістіктерімен таныстыру және қоршаған ортаны қорғаудағы заманауи зерттеулердің рөлін түсіндіру болды.
Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер экологиялық мониторингтің қалай жүргізілетінін, табиғи экожүйелерді сақтау үшін қандай технологиялар қолданылатынын егжей-тегжейлі баяндап берді. Әсіресе, өңірдегі флора мен фаунаның жай-күйін бақылау және табиғатты қорғау бағытындағы жаңа ғылыми жобалар туралы мәліметтер оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.       Мамандар ғылымның тек зертханамен шектелмейтінін, оның тікелей табиғат аясындағы маңызды жұмыс екенін атап өтті. Оқушылар өз тарапынан үлкен белсенділік танытты. Олар экологиялық ахуалды жақсарту жолдары туралы сұрақтар қойып, мамандармен еркін пікір алмасты. Кейбір оқушылар болашақта өздерін ғылым жолында сынап көргісі келетінін айтса, енді бірі экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтындығын көрсетті.

     Мұндай ашық кездесу жас ұрпақтың танымдық көкжиегін кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын жаңа деңгейге көтерді.