AA+
AA+

      Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары қар барысын зерттеу жұмыстарын жалғастыруда

      Қар барысының өмір сүру ортасын зерттеу және бақылау мақсатында Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары мен Зоология институтының қызметкерлері кезекті далалық жұмыстарын өткізді. Аршаты орманшылығының орманшысы Жомарт Аманбаев, саяткер-биолог Амир Базилов, мемлекеттік инспекторлар Боженаков Болат пен Нұқсиев Әсет 3–4 күн бойы атпен және жаяу жүріп, таулы аймақтарды аралап, фототұзақтарды тексеріп, флеш карталары мен батарейлерін ауыстырып қайтты. Бұл жұмыстар барыстың қазіргі жай-күйін бақылауға, оның мекен ету аумағы мен белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.

     Сіздер көріп жүрген фототұзақтағы тамаша кадрлардың артында – дәл осы жігіттердің еңбегі жатыр.