AA+
AA+

       Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзақтарға кезекті тексеріс кезінде ерекше бейне жазба табылды — Қар барысы тағы да объективке көрінді. Бұл нәтижеге кеше жазылған посттағы жігіттердің қажырлы еңбегі арқасында қол жеткізілді. Орманшы Жомарт Аманбаев, саяткер-биолог Амир Базилов, мемлекеттік инспекторлар Боженаков Болат пен Нұқсиев Әсет, сондай-ақ Зоология институтының қызметкерлері бірнеше күн бойы таулы аймақтарды атпен және жаяу аралап, фототұзақтарды орнатып, тексеріп шыққан болатын. Олардың еңбегі зая кетпеді — барыс бейнесі тағы да фототұзаққа жазылып, оның осы өңірде тіршілік ететінін дәлелдей түсті.

 

     Қызықты факт: қар барысы сағатына 50 км-ге дейін жылдамдықпен жүгіре алады және 6 метрге дейін секіруге қабілетті.