AA+
AA+

  Фенологиялық алаңдарда ғылыми бақылау жұмыстары жүргізілді 

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі мамандары мен орманшылық инспекторларының бірлесуімен фенологиялық алаңдарда ғылыми бақылау жұмыстары жүргізілді.

Бақылау барысында өсімдіктердің маусымдық даму кезеңдері, табиғи өзгерістер және қоршаған орта жағдайлары зерттеліп, қажетті мәліметтер жинақталды.

 Фенологиялық бақылау — табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылаудың маңызды бағыты. Жиналған деректер ұлттық парк аумағындағы табиғи процестерді ғылыми тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.

Табиғатты зерттеу — оны қорғаудың маңызды қадамы!