AA+
AA+

        Бүгін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орталық кеңсесінде Бас директор Жанболат Батталұлы Тыныбековтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – экологиялық туризмді дамыту тұжырымдамаларын талқылау болды.

        Филиал директорлары паркке тән табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, экотуризмнің жаңа бағыттары мен перспективаларын ұсынды. Кеңес қорытындысында Жанболат Батталұлы әрбір ұсыныстың жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты саралап, оны нақты жоба ретінде дамыту қажет екенін атап өтті.