Экологиялық тәрбие – балабақшадан басталады!
Бүгін экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Алтай орманшылығының инспекторларымен бірге «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеленушілермен бірлесіп сібір шыршасының тұқымын отырғызды.
Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жанашырлық бала кезден қалыптасады. Сондықтан біздің қызмет тек табиғатты қорғаумен шектелмей, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге де бағытталған.
Бүгінгі кішкентай қадам – ертеңгі үлкен игілік.



