AA+
AA+

Экологиялық тәрбие беруді балабақша табалдырғынан бастап, үздіксіз білім беру қағидасы негізінде Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері жыл бойында іс-шаралар арқылы қолға алуда. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеу – нақтырақ айтқанда  баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы.

Бүгін экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары “Әйгөлек” балабақшасының тәрбиеленушілеріне

“Табиғат - Анамыз” атты ашық сабақ өткізді.

Адамзаттың басты міндеті  табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайтындай экологиялық тәрбие беру- болашақ кепілі.