AA+
AA+

     Мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау және орманды күзету жұмыстарынан бөлек, жас буынның экологиялық мәдениетін арттыруға ерекше мән береді. Олар жыл бойында мектептерде үзбей сабақтар өткізіп, оқушыларға табиғатпен қарым-қатынастың маңыздылығын үйретеді. Сол игі істердің жарқын бір көрінісі – Алтай орманшылығының инспекторлары Рыков орта мектебінің оқушыларына арналған кезекті ашық сабақ! Инспекторлар мектеп қабырғасында оқушыларға орманның құндылығын, табиғатқа жанашырлық танытудың қыр-сырын түсіндіріп, болашақ экологтарды тәрбиелеуге өз үлестерін қосты. Балалардың бойына табиғатты сүю және оны қорғау жауапкершілігін кішкентайынан бастап сіңіру басты мақсат. Себебі, табиғатты қорғаудың негізі – үздіксіз білім мен санада!