«АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІНЕ КАТОНҚАРАҒАЙ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
Табиғатты қорғаудың маңызын ерте жастан ұғыну – болашақ ұрпақтың саналылығын қалыптастырудағы маңызды қадам. Осы мақсатта «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін ерекше іс-шара – Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбында ашық сабақ пен танымдық мастер-класс ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны Ұлттық парктің қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілеріне арнайы өткізді.
Бүлдіршіндер өткен сабақ барысында парк мамандарының жетекшілігімен парк аумағындағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемімен танысты. Олар Катонқарағайдың бай флорасы мен фаунасы туралы қызықты мәліметтер алып, сирек кездесетін түрлердің маңызын түсінді.