Катонқарағай ұлттық паркінің жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Е. Қасымов пен саяткер-биолог А. Базилов Ақсу орта мектебінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы туралы танымдық ашық сабақ ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға қар барысының табиғаттағы рөлі, оның таралу аймағы, сиреу себептері және оны қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жас өскіннің табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосады.



