Катонқарағай ұлттық паркінде мемлекеттік инспекторлар мектептерде тұрақты түрде экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінгі күні бұл бағыттағы жұмыс Алтай орманшылығында жалғасын тапты.
Алтай орманшылығының инспекторлары Ластаев атындағы орта мектебінде жас шырша ағаштарын қорғау тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Инспекторлардың негізгі міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын жеткізу, экологиялық мәдениет қалыптастыру. Сондықтан олар оқушыларға тек түсіндіруші емес, табиғатты аялауға бағыт беретін ұстаз ретінде де қызмет атқарады.
Табиғатты қастерлеу – білімнен басталады.



