AA+
AA+

      Орманда жұмыс істеу – табиғатпен етене байланыста жүретін, бірақ өзіне тән қауіптері бар күрделі сала. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау – олардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.

     Осы мақсатта бүгін арнайы комиссия Ақсу және Усть-Язовая орманшылықтарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлердің білімін тексеруді бастады. Бұл тексеріс 3 наурыздан 12 наурызға дейін жалғасып, барлық орманшылықтарды қамтиды.

Тексеріс барысында:  

- Қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын қаншалықты меңгергені бағаланады;

 - Олардың біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар беріледі;

-  Еңбек жағдайларын жақсарту мүмкіндіктері қарастырылады.

Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр қызметкердің жауапкершілігі.