AA+
AA+

      Биыл Қазақстан Республикасының Президенті 2024 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің, туған жеріне, саласына адал жандардың еңбегін дәріптеу, бағалау жылы!

     Осы орайда біз Катонқарағай ұлттық паркінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан нағыз еңбек адамы – Нұрқасынов Оралбек Жүнісбекұлын ерекше атап өткіміз келеді. Нұрқасынов Оралбек Жүнісбекұлы – Катонқарағай ауданы, Өрел ауылының тумасы. 1980-1982 жылдары Мәскеу облысында әскери борышын өтеп, кейін Лениногор аграрлы-техникалық колледжінде “Орман және орман саябақ шаруашылығы” мамандығын меңгерді. 2001 жылы Катонқарағай ұлттық паркі құрылған күннен бастап Өрел орманшылығында мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарып келеді. Үш бала тәрбиелеп, сегіз немеренің ардақты атасы.

     Елі мен жеріне адал еңбек етіп келе жатқан нағыз еңбек адамы! 23 жылдан бері туған өлкесінің табиғатын қорғап, жанын салып жүрген, орманшы мамандығына адал, нағыз дала шебері! Оның еңбегі – ұрпаққа мұра, табиғатқа қорған!

     Осындай еңбек адамдары аман болсын! Елін, жерін сүйген жандар көбейсін!