Берел филиалының инспекторлары Рахман қайнарына апаратын жол бойындағы демалыс орынына тазалық жұмыстарын өткізді.
Кейбір туристер ағаштарға шүберек байлап кетуді діни немесе мәдени сенімдермен байланыстырады. Бұл әрекет тілектің орындалуын тілеу немесе қандай да бір қасиетті күштен қолдау іздеу ниетімен жасалады. Дегенмен, ағаштарға шүберек байлап кету ағаштар үшін өте зиянды. Шүберек ағаштың қабығын тұншықтырып, оның тыныс алуын және ылғал мен қоректік заттардың ағзаға таралуын қиындатады. Бұл ағаштың өсуін баяулатып, соның салдарынан ағаш ауруларға, зиянкестерге осал болып қалады.
Табиғат аясына демалуға барған кезде қоқысты қайта өзіңізбен алып кету өте маңызды. Қалдықтарды табиғатқа тастамай, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу немесе өзіңмен бірге алып кету — табиғи ортаға зиян келтірмеудің және басқаларға таза, қауіпсіз демалыс орынын қалдырудың жолы.