ШҚО ПД №49 бұйрығының талаптарына сәйкес, 2025 жылдың 1-тоқсанына арналған жедел-профилактикалық және арнайы операциялар кестесіне сай, аудандық полиция қызметкерлері мен Катонқарағай ұлттық паркінің ЖӘҚжӨБ қызметкерлері бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Кезекті рейд барысында жергілікті тұрғындармен кездесулер өтіп, табиғатты қорғау заңнамасының талаптары түсіндірілді.
Атап айтқанда: Парк аумағы мен әкімшілік жерлерде ит ертіп жүруге және қару алып жүруге тыйым салынғаны ескертілді. Тыйым салынған көлдерде балық аулау заңға қайшы екені ерекше атап өтілді. Ал рұқсат етілген көлдерде балық аулау үшін орманшылықтардан арнайы ақылы рұқсат алу қажет екені түсіндірілді. Заң бұзған азаматтарға әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалып, айыппұл салынатыны туралы ескерту жасалды.
Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімі Мәди Елубаев