Ұзаққа созылған қыстан кейін табиғат біртіндеп оянып жатыр. Алғашқы жылы күндермен бірге орман ішінде айтарлықтай өзгерістер байқалады: көктемгі алғашқы гүлдер пайда болып, жәндіктер белсенділігі артып, құстар қайта оралып, айнала тіршілікке тола бастайды. Парк инспекторлары жүргізген бақылау жұмыстары барысында көктемнің алғашқы белгілері тіркелді. Жекелеген аумақтарда алғашқы гүлдердің шығуы, сондай-ақ жануарлар мен жәндіктердің белсенділігінің артуы табиғи циклдің басталғанын көрсетеді.
Көктем мезгілі парк экожүйесі үшін аса маңызды кезең болып табылады. Бұл уақытта өсімдіктер мен жануарлар әлемі белсенді даму, көбею және қыс мезгілінен кейін қалпына келу кезеңінен өтеді, сондықтан олар ерекше қорғауды қажет етеді. Осыған байланысты парк әкімшілігі келушілерден ерекше қорғалатын табиғи аумақта белгіленген ережелерді сақтауды сұрайды: белгіленген соқпақтардан шықпау, өсімдіктерге зиян келтірмеу, жануарларды мазаламау және қоқыс қалдырмау.
Табиғи тепе-теңдікті және биоалуантүрлілікті сақтау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз



