AA+
AA+

     Мемлекеттік инспектор қызметі — тек ер адамдарға тән мамандық емес.
Әйел-инспекторлар ер азаматтармен қатар ондаған шақырымды еңсеріп, жабайы табиғатты сақтау жолында аянбай еңбек етуде.

     Суретте — Қатонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығының инспекторы Омарова Салтанат биотехникалық іс-шаралар барысында. Ол ауа райының қандай болуына қарамастан таулы аймақтарға шығып, қоректендіру алаңдарын тексереді, жабайы жануарлар үшін шөп, бейнек, тұз және жем салады, олардың жағдайын бақылауда ұстайды.

     Биотехния — қыс мезгілінде жануарларға көрсетілетін нақты көмек әрі табиғи тепе-теңдікті сақтаудың маңызды бөлігі.