AA+
AA+

Шығыс өңірдің ұзақ әрі аязды қысында жабайы жануарларға азық табу қиынға түседі. Осы кезде оларға көмекке мемлекеттік инспектор қызметкерлері келеді. Жаз бойы дайындалған бейнектер, шөп, жемазық – орманды мекен еткен аңдардың қыстан аман шығуына септеседі. Ұлттық парк аумағындағы жабайы жануарлардың санының көбеюуіне, өңірлік парк аумағынан шекаралас басқа аймақтарға ауып кетпеуіне ықпал жасау үшін биотехникалық іс-шаралар бойынша аң-құстардың азықтық ретінде тұз, жемін мерзімінде берілуі қамтамасыз етіліп отырады. Мекеме қызметкерлері аңдарға арнап арнайы азықтандыру алаңдарын әзірлеген. Атап айтқанда, 248 тонна шөп, 29760 дана бейнек, 400 ц ағаш бүрлері дайындалып, 356 дана жалақтар, 270 дана науалар жаңартылды. Сонымен қатар құстарға 100 дана ұя жасалып ілінді. Алдағы уақытта да жабайы аң – құстарды қорғау мақсатында биотехникалық іс – шаралар өз жалғасын табады. Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің охотовед-биолог Мақсат Заманғазыұлы