Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биоәртүрлілігін сақтап, көбейту мақсатында орманшылықтарда биотехниялық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Медведка орманшылығының аумағындағы қосымша азықтандыру алаңында жабайы жануарларға арналған жалақтар мен науаларға тұз салу жұмыстары жүргізілді.
Бұл шара жануарлардың табиғи жағдайын жақсартып, олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.