Медведка орманшылығында қысқы кезеңде жабайы жануарлардың қоректік базасын жақсарту және олардың тұрақты тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында биотехникалық жұмыстар кешені жүргізілуде. Бұл шаралар ұлттық парктің табиғатты қорғау стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Биылғы маусымда инспекторлар жануарлар жиі шоғырланатын аймақтарды зерттеп, сол аумақтарда азықтандыру алаңдарын толықтыру жұмыстарын жүйелі түрде атқаруда. Атап айтқанда, шөп, жем, бейнек салынып, олардың қорлары үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, тұзалаңдар да ретке келтіріліп, жабайы жануарлардың минералды заттарға деген қажеттілігін өтеуге жағдай жасалуда.
Мұндай шаралар, әсіресе, қыс мезгілінде өте маңызды. Себебі табиғи қорек мөлшері азайып, жануарларға қосымша қолдау қажет болады. Биотехникалық жұмыстар жануарлардың қоныс аудару бағытын бақылауға, олардың әлсіреуінің алдын алуға және популяцияның жалпы жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жұмыстар экожүйенің табиғи тепе-теңдігін нығайтып, жыртқыш-жемтік қатынасының бұзылуына жол бермейді.
<p>
</p>


