Бүгін Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Е. Қасымов орталық кеңсе мамандарымен бірге Үлкен-Нарын колледжінің «Орман шебері» мамандығының студенттеріне ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге Катонқарағай ұлттық паркінің қызметі, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар таныстырылып, инспекторлар қолданатын құрал-жабдықтар көрсетілді.
Сонымен қатар тәжірибелік мастер-класс ұйымдастырылып, болашақ мамандарға пайдалы кеңестер берілді.



