AA+
AA+

      Садық Түкебаев атындағы Еңбек орта мектебінде оқушыларға арналған танымдық сабақ өтті. Сабақты ұлттық парктің инспекторы Мадина Елубаева жүргізді. Оқушылар аудан аумағында өсетін ағаш түрлері, олардың ерекшеліктері мен экологиялық маңызы туралы кеңінен мағлұмат алды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.