AA+
AA+

Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік.

 

Балық аулау демалыстың белсенді түрі, сонымен қатар өте қауіпті ермек. Су бойында адамды қаншама қауіп қатердің тосып тұрғанын кез-келген адам біле бермейді. Сондықтан әрбір балықшыға сақтылық пен қауіпсіздіктің қарапайым шараларын орындау қажет.

         Балық аулау кезінде қайғылы оқиғаны болдырмау мақсатында Катонқарағай МҰТП қызметкерлері  профилактикалық рейдтер өткізуде, Рейд барысында, қызметкерлер балық аулаушы әуесқойларға төмендегідей балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

         Балық аулау кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары:

  • Балық аулауға шығуды жоспарласаңыз ауа-райының болжамдарына назар аударыңыз, ауа-райы күрт бұзылуы туралы болжамдар болса жоспарыңызды кейінге қалдырғаныңыз жөн.
  • Балық аулауға шығар алдында су, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорларына байланысты және т.б. қажетті құрал-жабдықтарыңызды өзіңізбен бірге болуын , автокөліктеріңіздің жарамдылығын қадағалаңыз;
  • Балық аулауға шығар алдында жақындарыңызға  кімдермен және неше адам бара жатқандығын, қай бағытта немесе нақты жердің атын, ұялы  байланыс телефон номерлерін, қандай автокөліктермен (маркасы, мемлекеттік номері, түсі) баратындығыңызды және қашан кері қайтатындығыңызды ескертіңіз;
  • Аудан аумағындағы балық аулау көлдеріндегі мүмкін табиғи және техногенді қауіптерді біліп, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаңыз(дала және орман өрттері)

Аталған бағытта жиі өткізіліп отыратын рейдтік шаралар, түсіндірме жұмыстар және жадынама тарату, адамдардың қайғылы жағдайларға ұшырамауына және төтенше жағдайлардың орын алмауына мүмкіндік береді.

Егер Сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, сабырлық сақтап, үрейге жол бермей «101», «112» телефон номеріне хабарласыңыз.

 

Катонқарағай МҰТП-ң саяткер-биологы А.Майлханова.