Бүгін «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушілері Катонқарағай ұлттық паркіне танымдық эко-сабаққа келді. Іс-шара барысында экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары балаларға табиғатты қорғау, орман мен жануарлар әлемін сақтау, сондай-ақ биоалуантүрліліктің маңызы туралы түсіндіріп, қызықты әңгімелермен бөлісті.
Осындай әсерлі кездесулер арқылы балалар табиғатты аялауды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды үйренеді. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік дәл осылай балалық шақтан бастау алады.

 
        

