Бүгін Катонқарағай ұлттық паркінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 173 бұйрығына сәйкес, инспекторлар аттестаттаудан өтті. Білімді тексеру үш жылда бір рет өткізіліп, жаңадан қызметке кіріскен инспекторлар үшін алты айдан кейін ұйымдастырылады.
Аттестаттау барысында арнайы комиссия инспекторлардың кәсіби біліктілігін жан-жақты тексеріп, олардың қызметке сәйкестігіне қорытынды шығарады. Мұндай іс-шаралар инспекторлардың білімін жетілдіріп, олардың жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.
Бұл – тек кәсіби стандарттарға сәйкес болу ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жолындағы маңызды міндеттерді адал атқарудың кепілі.