AA+
AA+

     Аршаты орманшылығында өткен өртке қарсы оқу-жаттығу барысында Мобильдік топқа ауылдың балалары да қызығушылық танытып, арнайы су шашқыш құрылғысымен жұмыс істеп көрді. Өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап көрген соң, бәрі бір ауыздан: «Өскенде орманшы боламыз!» деп шу етті.

     Бәлкім, болашақтың табиғат сақшылары дәл осы сәттен басталып жатқан шығар. Осындай қызығушылық, жауапкершілік пен сүйіспеншілік біздің орманымызды қорғаудың ең үлкен кепілі!