Аршаты орманшылығының инспекторлары табиғат жануарлары үшін арнайы жағдай жасап, экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды жұмыстар атқаруда.
Қараша айының ортасында олар азықтандыру алаңдарын ұйымдастырып, жем мен тұз салып кеткен болатын. Бұл қамқорлықтың нәтижесі көп ұзамай байқалды: алаңға қояндар мен қабандар келіп, азыққа тойып қайтқан. Азықтың иісі мен қозғалысын сезген сілеусін де қызығушылық танытып, алаңды айналып өткен екен.
Жабайы табиғаттың осындай көріністері адамды тәнті етіп, жануарлар әлемінің үйлесімділігін тағы бір дәлелдейді. Аршаты орманшылығының инспекторларының еңбегі табиғаттың байлығын сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі екенін көрсетеді.
Табиғаттың әрбір тынысы ерекше, оны қорғау – баршамыздың міндетіміз!