AA+
AA+

Aquilegia glandulosa — шөмішгүл 
(водосбор железистый)

Бұл — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Альпілік шалғындардың әсем тұрғыны.
Атауы латынның aqua — «су» және legere — «жинау» сөздерінен шыққан. Шөмішгүл ылғалды бойына жинай алатын ерекше қасиетімен танымал.

Осы ерекшелігіне байланысты, ерте замандарда адамдар бұл өсімдікке тылсым күш теліген. Солтүстік Еуропа халқы оны эльфтердің гүлі деп есептесе, ал орта ғасырларда шөмішгүл жаман сиқырдан қорғайды деген сенім болған .

Табиғаттың өзі — аңызға толы ғажайып әлем