AA+
AA+

     Біздің орманның тыныштығы мен табиғат байлығын қорғау – басты міндетіміз. Алтай орманшылығының инспекторлары кезекті рейдтік тексеруге шықты. Бұл жолы айналымға барып, еліктердің қоныс аударуын қадағалап, олардың еркін және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды бақылап қайтты.

     Сондай-ақ, азықтандыру алаңдарында арнайы науаларға шөп салып, жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолдау көрсетті. Рейд барысында орманның әр түкпірі мұқият тексеріліп, заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша маңызды шаралар қабылданды.

       Табиғатты аялауға бірге атсалысайық!